Орталық жаңалықтары

Әскери патриоттық тәрбие беру бағытында кездесу өткізілді

2024 жылы ақпан айының 08-і күні Мұнайлы ауданы, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде оқушыларға әскери патриоттық тәрбие беру бағытында кездесу өткізілді. Кездесуге облыстық білім басқармасы және облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі, ауыл ақсақалдары, Ауған соғысы ардагерлері, аудандық білім бөлімінің мамандары, білім беру ұйымдарының алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері және 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу мақсаты: Азаматтарға отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау.

Кездесуде ардагерлер және ауыл ақсақалдары оқушыларға елге қызмет ету әрбір ер азаматтың борышы екендігін, өздерінің әскери өміріндегі ерліктерімен, жеңген қиындықтары туралы баяндады. Практикалық тұрғыда әскери комиссариат өкілдері, әскери қару қолданудың негізгі шарттарымен ерекшеліктерін көрсетті.

Іс-шараға аудандық білім беру ұйымдарының жоғары сыныптарынан 300-ге жуық оқушылар қатысып өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. 

title=title=title=


Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...