Орталық жаңалықтары

ЖЫЛ КӨРСЕТКІШІ, Қосымша біліммен қамту бойынша

Қосымша біліммен облыста 80,1% бала қамтылды. Биыл 5000 балаға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, «Zerek.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылды.

Өткен жылы 650 орынға арналған Жаңаөзен қаласындағы оқушылар шығармашылық үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 600 орынға арналған өнер мектебі пайдалануға берілді.

Биыл Ақтау қаласында 1500 балаға арналған Оқушылар сарайының құрылысы аяқталды.

Басқарма тарапынан мүдделі органдармен бірлесе отырып, жоспарлы шаралары жоспарлы ұйымдастырылуда. Оның ішінде 2023 жылы үкіметтік емес ұйымдарға тақырыптық мемлекеттік гранттар бөлініп, жұмыстар атқарылды.

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда қыркүйек айынан бері 185 шара ұйымдастырылды, 400 мұғалім арнайы курстан өтті. #Біртұтас_тәрбие хештегімен әлеуметтік желіде 3709 жарияланым шықты.

Арнайы білім беру

Облыста 0-18 жас аралығындағы 8210-ы мүмкіндігі шектеулі бала, оның ішінде 3085-і мүгедек. Аталған санаттағы балаларға 20 арнайы білім беру ұйымы қызмет көрсетеді: 3 арнайы балабақша, 4 арнайы мектеп, 1 оңалту орталығы, 7 ППТК, 5 ПМПК.

Соңғы үш жылда 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 арнайы балабақша ашылды.

Білім беру ұйымдарында 1763 бала инклюзивті білім берумен қамтылды. 104 білім беру ұйымында инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс жасайды (44-і балабақшада, 60-ы мектепте). 

title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...