Орталық жаңалықтары

Тарих пәні мұғалімдеріне БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу бойынша әдістемелік вебинар өтті.

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласының, Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандарының тарих пәні мұғалімдеріне БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу бойынша әдістемелік вебинар өтті.

Вебинар барысында ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудцің үлгілік қағидаларының 20-тармағына сәйкес формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, техникалық ерекшелік негізінде дербес дайындау керектігі айтылды.

Сонымен қатар жиынтық бағалау тапсырмаларын ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың өткен материалдарын қамти отырып, ресми көздерден алынған ақпараттарды пайдаланып, оқытудың тақырыбы мен мақсатына, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне де сәйкес әзірлеу тапсырылды.

Бүгінгі вебинарда А.Тәжібаев «Білім беру ұйымында тарих пәні бойынша БЖБ және ТЖБ жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі», Н.Тұрсабеков «БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын дайындау үлгілері мен әзірлеу кезеңдері», А.Рубилова “БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруға үйрету”, Ж.Бисенгалиева «БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру және зерделеу» тақырыптарында қатысушыларға өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...