Орталық жаңалықтары

ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік жұмысты ұйымдасыру бойынша вебинар өтті

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлеріне жаңа оқу жылында оқу-әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыруда әдістемелік көмек беру мақсатында «2024/2025 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар ұйымдастырылды.

Вебинарға өңірдегі техникалық жіне кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлерден барлығы 45 адам қатысты.

Вебинарда спикерлер төмендегі тақырыптарда баяндама жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Жұмабаева Жеміскүл Жеткізгенқызы, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес педагогтердің білім деңгейін анықтаудағы тестілеу рәсімінің қорытындысы туралы»;

Еркинбаева Айгерим Марсовна, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Серіктестік және дағдылар бөлімінің әдіскері, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында 2024/2025 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер»;

Джұмағазиева Шара Қаниқызы, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты, білім беру бағдарламаларының сарапшысы, «Нормативтік құжаттарға сәйкес білім беру бағдарламарын әзірлеу кезіндегі қателіктерді талдау»;

Нұрғалиев Шыңғыс Ахметұлы, Mediana Services Limited, ІТ проектілерінің менеджері, «Жасанды интеллектінің білім беру ұйымдарындағы басымдықтары».

Шара соңында вебинарға қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, ұсцнцс-пікірлерін білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...