Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2023 жылдың 27 қыркүйек күні "Саламатты Ел" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жастар ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...

2023 жылдың 27 қыркүйек күні облыстық педагог-психологтер қауымдастығының ...

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан халқы тілдері күні ...

2023 жылғы 25 қыркүйек күні облыстық білім басқармасының конференция залында ...

2023 жылдың 20-22 қыркүйек күндері "Айрық" қоғамдық қоры мен орталықтың бірлескен ...

2023 жылдың 22 қыркүйек күні Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім ...

2023 жылғы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Республикалық "Үздік педагог" байқауының облыстық кезеңі өтуде  ...

Бүгін облыстық «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын ...