Орталық жаңалықтары

Облыстық «Қобыз үні» қобызшылар байқауы

2024 жылы 14 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен облыстық қосымша білім беру педагогтерінің қауымдастығының жоспарына сәйкес  Жаңаөзен қаласы, Мұрат Өскінбаев атындағы балалар музыка мектебінде  оқушылар арасында Ханшайым Балапашқызы атындағы облыстық «Қобыз үні» қобызшылар байқауы  алғаш рет өткізілді.

Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы қобызшы, ұстаз Ханшайым Балапашқызының еңбегін дәріптеу, дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында өткізілген байқауға балалар музыка және өнер мектептерінің оқушыларынан жас ерекшеліктеріне қарай 18 қобыз сыныбының оқушылары мен 3 өнер мектебінен ансамбльдер қатысты.

Алғаш рет өткізілген байқауға Ханшайым Балапашқызы қатысып, ұйымдастырушыларға  өз лебізін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар берілген бағдарламалық талаптарға сәйкес, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде қазылар алқасы жас ерекшеліктеріне қарай жеңімпаздарды анықтап, білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Дипломдарымен марапаттады.

Бас жүлде (Жоғары топ)

Қойлыбай Жанерке Сағындыққызы (Жаңаөзен қаласы М.Өскінбаев атындағы балалар музыка мектебі)

Ұстазы: Сатқанбаева Айсұлу Ракымжановна

Концертмейстер: Дабысбаева Айгуль Каржаубаевна.

І орын иегерлері:

Кіші топ бойынша

Талғат Айзада Алматқызы (Маңғыстау ауданы Балалар өнер мектебі)

Ұстазы: Қойсарина Ақелік Қомашабайқызы

Концертмейстер: Еркінбаева Гүлсінай Тағанбайқызы

Орта топ бойынша

Нурходжа Нұржамал  (Ақтау қаласы А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі)

Ұстазы: Ербозова Гүлжамал Аманғалиқызы

Концертмейстер: Адашян Наира Спартаковна

Жоғары топ бойынша

Алимбетова Гаухар (Ақтау қаласы А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі)

Ұстазы: Нұрмашева Нұрила Рысбайқызы

Концертмейстер: Әбілбаев Нұрболат Ғайыпназарұлы

Ансамбль номинациясы бойынша:

«Қобыз сазы» ансамблі (Ақтау қаласы А. Тарақұлы атындағы балалар өнер мектебі)

Ұстазы: Нұрмашева Нұрила Рысбайқызы.

Концертмейстер: Әбілбаев Нұрболат Ғайыпназарұлы

 

title=


Бүгін, 30 қыркүйек күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық ...

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу ...

2022 жылғы 20 қыркүйек күні Білім басқармасының 5 қыркүйек – Қазақстан халқы ...

2022 жылдың 20 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында ...

27 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұстаздар мерекесі қарсаңында бірқатар ...

Бүгін колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік бойынша республикалық ...

Бүгін, 22 қыркүйек күні «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа ...

2022 жылы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 ...

Білім басқармасының 5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет ...