Облыстық «Үздік аула клубы» байқауы
Ағымдағы жылдың 31 қазан күні облыстық «Үздік аула клубы» байқауы сырттай өткізілді.
Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын аула клубтарын қолдау және дамыту.
Облыстық байқауға аудан, қалалардан қосымша білім беру ұйымдары жанындағы барлығы 5 аула клубының жұмысы келіп түсті
Аула клубтың ұйымдастырушы педагогтері диаграмма және статистикалық деректерді көрсету арқылы өз аула клубтарын таныстырып, оқушыларды қосымша білімге тарту, қосымша білім берудің маңыздылығы мен тәрбие процесін ұйымдастырудағы педагогикалық шеберліктері мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалысы аясындағы жұмыстарын көрсетті.
Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысында:
І орын - Бейнеу ауданы,Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі жанындағы «Сам» аула клубы;
ІІ орын - Мұнайлы ауданы, Өнер балалар мектебі жанындағы «Басқұдық» аула клубы;
ІІІ орын - Ақтау қаласы, Оқушы орталығы жанындағы «Тұлпар» аула клубы иеленді.
Жеңімпаздар білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы дипломдарымен марапатталады!
Бүгін, 30 қыркүйек күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық ...
Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу ...
2022 жылғы 20 қыркүйек күні Білім басқармасының 5 қыркүйек – Қазақстан халқы ...
2022 жылдың 20 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында ...
27 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұстаздар мерекесі қарсаңында бірқатар ...
Бүгін колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік бойынша республикалық ...
Бүгін, 22 қыркүйек күні «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа ...
2022 жылы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 ...
Білім басқармасының 5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет ...