Үздік колледж Президенті анықталды
Ағымдағы жылдың 29 қараша күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ТжКБ ұйымдарының белсенді студенттерінің арасында «Үздік колледж Президенті» облыстық сырттай байқауы өткізілді.
Білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту және ынталандыру мақсатында өткен байқауға 11 колледж өтінім ұсынды.
Қазылар алқасы байқау ережесінің өлшемшарттарына сәйкес ұсынылған жұмыстарды қарап, бағалады.
Нәтижесінде, байқау төмендегіше қорытындыланды:
І орын: Жексенғалиева Альбина, Маңғыстау туризм колледжінің студенті;
ІІ орын: Сағынбай Аян Ғалымжанқызы, Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенті;
ІІ орын: Қонақбаев Естай, «Мейірбике» жоғары медициналық колледжінің студенті;
ІІІ орын: Еңсепбай Рүстем Серікболұлы, Маңғыстау техникалық колледжінің студенті;
ІІІ орын: Мақсұт Мейрамбек Бисембайұлы, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті;
ІІІ орын: Қанатов Мейіржан, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенті.
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Бүгін, 30 қыркүйек күні Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драмалық ...
Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу ...
2022 жылғы 20 қыркүйек күні Білім басқармасының 5 қыркүйек – Қазақстан халқы ...
2022 жылдың 20 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері арасында ...
27 қыркүйек күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ұстаздар мерекесі қарсаңында бірқатар ...
Бүгін колледж педагогтері арасында кәсіби шеберлік бойынша республикалық ...
Бүгін, 22 қыркүйек күні «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа ...
2022 жылы 21 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 16 ...
Білім басқармасының 5-қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні және Ахмет ...