Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2022 жылдың 11 тамыз күні облыстық білім беру қызметкерлерінің “Білімнің басты ...
"Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар және білім" ТАМЫЗ ...
Республикалық Тамыз кеңесі аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім ...
2022 жылдың 01-02 тамыз күндері «Балдәурен» оқу-сауықтыру базасында облысымыздың ...
1. Мекеменің атауы: «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық ...
Ағымдағы жылдың 1 шілде күні Маңғыстау облыстық қорғаныс істері ...
«Балалар жылы» және 18-24 маусым – ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл ...
Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ...
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ !!! Сіздерді ҰЛТ ...