ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС ПЕН ШЫНАЙЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ
Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс әкімі Н. Қилыбайдың қолдауымен «Орта білім беретін үздік ұйым-2024» және «Техникалық-кәсіптік білім беру үздік ұйым – 2024» конкурстың жеңімпаздары марапатталды.
«Орта білім беретін үздік ұйым-2024» Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейі және «Техникалық-кәсіптік білім беру үздік ұйым-2024» Қарақия ауданы Қарақия кәсіптік колледжі жеңімпаз атанды.
Облыс әкімі жеңімпаз атанған білім беру ұйымдарын құттықтап, алпыс сегіз миллион теңге грант сертификаттарын табыс етті.
Білім беру ұйымдарының арасындағы додалы байқауда ерекшеленіп жеткен жеңістің нәтижесі білім беру ұйымдарында материалдық-техникалық базаны, инфрақұрылымды жақсартуға, сонымен қатар жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер» ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Облыстық Тамыз кеңесі аясында Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» «Мектепке ...
2026 жылғы 28 тамызда Ақтау қаласында «Мектеп басқаруындағы стратегиялық ...
«Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер» ...
Жаңа оқу жылы — жаңа белестер! Бүгін ,28 тамыз күні Ақтау қаласында «Достық ...















