Тамыз конференциясы

Тамыз кеңесі 2026 / Заманауи білім көрмесі

Жаңа оқу жылы — жаңа белестер!

Бүгін ,28 тамыз күні Ақтау қаласында «Достық үйінде» білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі облыстық Тамыз кеңесі өз бастауын алды.

Шараның шымылдығы ауқымды заманауи білім көрмесімен ашылды. Мұнда STEAM білім беру, жасанды интеллект (AI) шешімдері, робототехника және оқушылардың стартап жобалары көпшілік назарына ұсынылды.

«Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға» тақырыбында өтіп жатқан бұл басқосу — жаңа оқу жылындағы маңызды мақсаттарды айқындайтын кәсіби алаң.

Барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылы қарсаңындағы мерекелік басқосумен құттықтаймыз!  

title=